Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ахемен әулеті (көне парс. Ariyānām Xšaçam — «Арий империясы»), сондай-ақ Бірінші Парсы империясы — б.з.д. VI - IV ғасырларда өмір сүрген, Алдыңғы Азия және Афри

Ахемен әулеті

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Ахемен әулеті

Ахемен әулеті (көне парс. Ariyānām Xšaçam — «Арий империясы»), сондай-ақ Бірінші Парсы империясы — б.з.д. VI - IV ғасырларда өмір сүрген, Алдыңғы Азия және Африканың солтүстік-шығыс аумағында парсы әулеті Ахеменидтер құрған ежелгі мемлекет. Б.з.д. VI ғасырдың соңына қарай Ахеменид империясының шекарасы батыста Эгей теңізінен бастап шығысында Үнді өзеніне дейін, оңтүстікте Нілдің алғашқы шегінен солтүстікте Кавказға дейін созылған.

Ахеменидтер әулеті
көне парс. Ariyānām Xšaçam

←
Б. з. д. 550 жыл — Б. з. д. 330 жыл →
байрақ Елтаңбасы
Астанасы Персеполис (50 000), Пасаргады, Экбатана (50 000), Сузы (100 000), Вавилон (200 000)
Ірі қалалары Персеполис, Вавилон, Бактра (200 000), Сарды (100 000), Сузы, Пасаргады, Экбатана, Мемфис (50 000), Милет (40 000), Дамаск (40 000), Мараканда (40 000), Сур (40 000)
Тіл(дер)і Көне парсы, арамей, элам, аккад, армян
Ақша бірлігі Дарик
Аумағы 5 500 000 км²
Халқы 50 млн. адам (б.з.д. 480 ж.)
35 млн. адам (б.з.д. 330 ж.)
Басқару формасы монархия
Династиясы Ахеменидтер
Шаһиншаһ
 - б.з.д. 559—530 II Кир
Тарихы
 - б.з.д. 550 Құрылды
 - б.з.д. 500 - б.з.д. 449 Грек-Парсы соғысы
 - б.з.д. 330 Өмір сүруін тоқтатты
← Мидия
← Жаңававилон патшалығы
← Соғды
← Бактрия
← Лидия
← XXVI династиясы
Ежелгі Македония →
Селевкидтер мемлекеті →

Кеңеюі мен құлдырауы

Ахеменнің ұлы Теисп (Чишпиш) және оның тікелей ұрпақтары — I Кир, I Камбиз, II Кир Аншананың (Солтүстік Эламдағы) патшалары атанған. Ежелгі Шығыс елдерінің көпшілік бөлігін қол астына қаратқан II Кир Ахемен әулетінің ұлы империясын құрды. Ахемен әулетінің үлкен бұтағы II Камбизбен (522 ж.) бітеді. Әулеттің кіші бұтағы I Дарийден басталады. А. ә-нің билеушілері: Ұлы Кир (546 — 530, 558 жылдан бастап Персия мен Аншананы биледі), Камбиз (530 — 522), I Дарий (522 — 486), I Ксеркс (486 — 465), I Артаксеркс (465 — 424), II Ксеркс (424), Согдиан (424 — 423), II Дарий (423 — 404), II Артаксеркс (404 — 358), III Артаксеркс (358 — 338), Арсес (338 — 336), III Дарий (336 — 330). А. ә. тұсында еркін, жеке мемлекеттік жүйе орнады. Мемлекетті шаһиншах биледі.

Ұлы Кир тұсында Лидия, Маргиана, Вавилон, Соғда, Финикия жаулап алынды. I Дарий тұсында парсы елі аумағы шығысында Үндістанмен, Памирмен, батысында Адриатика теңізімен, Ливияның батыс шебімен, солтүстігінденде Каспий теңізімен, Қап (Кавказ) тауларымен және Қара теңізбен, ал оңтүстігінде Оман теңізімен, Парсы шығанағымен, Арабиямен шектесті. Ахемен әулеті тұсында билеуші топ 2 сатыдан тұрды: біріншісі (7 парсы әулеті) мемлекеттік істерге араласып, шаһиншах әскеріне басшылық етті. Екінші сатыдағылар діни істермен айналысты. Біздің заманымыздан бұрын 330 жылы Ескендір Зұлқарнайын (қ. Александр Македонский) шапқыншылығы салдарынан 220 жыл ғұмыр кешкен Ахемен мемлекеті біржолата талқандалып, Ахемен әулетінің билігі үзілді.

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Ахемен әулеті туралы ақпарат. Ахемен әулеті деген не? Ахемен әулеті нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 25, 2026

    Орталық Қазақстан

  • Ақпан 12, 2026

    Қырғызстан

  • Ақпан 26, 2026

    Шығыс Түркістан

  • Ақпан 25, 2026

    Әл-Хаким ән-Найсабури

  • Ақпан 24, 2026

    Басқыншылық

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары