Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Жердің Оңтүстік полюсы  — Жердің айналу осінің Оңтүстік жарты шарда Жердің бетімен қиылысатын нүктесі, Оңтүстік жарты шардағы Антарктиданың Полярлық платосында

Оңтүстік полюс

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Оңтүстік полюс

Координаттар: 90° о. е. 0° ш. б. / 90° о. е. 0° ш. б. / -90; 0 (G) (O) (Я)

Жердің Оңтүстік полюсы  — Жердің айналу осінің Оңтүстік жарты шарда Жердің бетімен қиылысатын нүктесі, Оңтүстік жарты шардағы Антарктиданың Полярлық платосында орналасқан географиялық нүкте. Оңтүстік полюсты Оңтүстік магниттік полюспен шатастырмау керек..

1. Оңтүстік полюс
2. Оңтүстік магниттік полюс (2007)
3. Оңтүстік геомагнитті полюс
4. Оңтүстік қол жетпестік полюсы

Оңтүстік полюсы Солтүстік Мұзды мұхитындағы Солтүстік полюсқа қарама қарсы орналасқан. Жер шарының қай бір нүктесі болсын, Оңтүстік полюсқа қарағанда солтүстік жақта орналасады. Оңтүстік полюстың географиялық координаттары: 90°00′00″ оңтүстік ендік, бұл нүктенің бойлығы жоқ, себебі Оңтүстік полюс - бүкіл меридиандардың қиылысатын нүктесі.Бұл жерде жарты жыл полярлы түн, жарты жыл полярлы күн болады.

Оңтүстік полюстағы мұз қалыңдығы — 2840 метр. Ауаның жылдық орта температурасы −48,9 °C, ең жылы күні −12,3 °C болады, ең суық күні −82,8 °C.

Амундсен экспедициясы, 1911 жыл. Солдан оңға қарай: Руаль Амундсен, Хельмер Хансен, Сверре Хельге Хассель және Оскар Вистинг (фотографияны экспедициның бесінші мүшесі Олаф Бьолан түсірген).

Алғашқы рет Оңтүстік полюсқа 1911 жылдың желтоқсан айында Руаль Амундсеннің басқаруымен Норвегия полярлық экспедициясы жеткен. Бұл экспедицияда Олаф Бьоланд, Сверре Хассель, Хельмер Хансен және Оскар Вистинг болған.

1912 жылдың қаңтар айында — Роберт Скотт басқарған Терра Нова ағылшың экспедициясы Оңтүстік полюс үстімен тікұшақпен ұшып өтті.

1958 жылы В. Фукс пен Э. Хиллари басқарған Британия-Жаңа зеландия экспедициясы алғашқы рет Уэддел теңізінен Оңтүстік полюс арқылы Росса теңізіне шана-шынжырбауыр көлікпен өтті.

1957 жылдан бастап Оңтүстік полюсте Амундсен-Скотт атты АҚШ-тың ғылыми стансасы жұмыс істеп келе жатыр.

Географиялық орналасуы

Оңтүстік полюс Антарктида құрлығында Тынық мұхит жағалауына жақын және Росса құрлықтық қайраннан оңтүстік жағына қарай 480 км қашықтықта орналасқан.

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Оңтүстік полюс туралы ақпарат. Оңтүстік полюс деген не? Оңтүстік полюс нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 09, 2026

    Армян тілі

  • Ақпан 23, 2026

    Ғағауыз тілі

  • Ақпан 09, 2026

    12 желтоқсан

  • Ақпан 24, 2026

    Мяо-яо тілдері

  • Ақпан 12, 2026

    Солтүстік полюс

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары