Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Пысықтауыш деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені атаймыз.

Пысықтауыш

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Пысықтауыш
Грамматика

Морфология

  • Сөз құрамы
    1. Түбір
    2. Жұрнақ
    3. Жалғау
      • Көптік жалғау
      • Тәуелдік жалғау
      • Септік жалғау
      • Жіктік жалғау
  • Сөз таптары
    1. Зат есім
    2. Сын есім
    3. Сан есім
    4. Есімдік
    5. Етістік
    6. Үстеу
    7. Шылау
    8. Еліктеу сөз
    9. Одағай

Синтаксис

  • Сөз тіркесі
  • Сөйлем мүшелері
    1. Бастауыш
    2. Баяндауыш
    3. Анықтауыш
    4. Пысықтауыш
    5. Толықтауыш

Пысықтауыш деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені атаймыз.

Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет?

Пысықтауыштың түрлері

Пысықтауыш құрамына қарай үшке бөлінеді:

  1. Дара пысықтауыш – бір сөзден тұратын пысықтауыш. Мысалы: Лавада жұмыс қызу жүріп жатыр. Ол сұраққа ойланбастан жауап берді.
  2. Күрделі пысықтауыш — күрделі сөз, тұрақты тіркес және үйірлі мүшеден жасалатын пысықтауыш. Мысалы: Мерей жымын-жымын етіп сахнаға шықты.
  3. Үйірлі пысықтауыш – үйірлі сөздерден тұратын пысықтауыш. Мысалы: Уақытым барда сабаққа дайындалсам деймін.

Пысықтауыш мағыналық жағынан алты түрге бөлінеді:

  1. мезгіл пысықтауыш;
  2. мекен пысықтауыш;
  3. мақсат пысықтауыш;
  4. амал пысықтауыш;
  5. себеп пысықтауыш;
  6. мөлшер пысықтауыш.
Пысықтауыш түрлері
Түрі Сұрақтары Мысалы
Мезгіл пысықтауыш Қашан? Қай кезде? Қай уақытта? Қашанан бері? Жолаушылар кешке қарай аттанбақшы. Ол биыл мектеп бітіреді.
Мекен пысықтауыш Қай жерде? Қай жақта? Қайдан? Оқушылар қала сыртына демалуға бармақшы. Ата-анасы жайлауға көшкелі жатыр. Жоғарыдан бір топ аттылы төменге қарай түсіп келеді.
Мақсат пысықтауыш Не үшін? Неге? Не мақсатпен? Кітапханадан кітап алғалы келді. Айдос жорта білмегенсіп отырды.
Амал пысықтауыш Қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше? Әйгерім бұл сөзге жымиып күлді. Жас әнші бұлбұлша сайрады. Бала үлкендерше сөйлеп отыр.
Себеп-салдар пысықтауыш Неліктен? Не себепті? Не үшін? Жұмысты бітірмегендіктен уақытында тапсыра алмады. Олар шаршағаннан сөйлеуге шамасы келмеді.
Мөлшер пысықтауыш Қанша? Қалай? Шешен ұзақ сөйледі. Оқушылар тапсырманы жаппай орындады.

Пысықтауыш болатын сөз таптары

Пысықтауыш болатын сөз таптары:

  1. Үстеуден болады. Мысалы: Ол ілгері басты. Кеше күн суық олды.
  2. Сын есімнен болады.
  3. Сан есімнен болады. мысалы: Ол екі сөйлемейтін.
  4. Көсемшелер сөйлемде қайтіп? қалай? не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап берсе, пысықтауыш болады. Мысалы: Шешесі баласының жүзіне мейірлене қарады. Қыз енді айқайлап сөйледі.
  5. Барыс, жатыс, шығыс және көмектес септіктерінде тұрған сөздер мекен, бет алыс-бағыт, сын-қимыл мағыналарын білдіріп, қайда? қайдан? қашан? қалай? деген сұрауларға жауап берсе, пысықтауыш болады. Мысалы: Бүгін мал біткен аулағыраққа өрістеген. Балалапандардың даусы таяудан естіледі.
  6. Мезгілге байланысты зат есімдер тәуелдік жалғау я шылау тіркесу арқылы, кейде оларсыз да, басқа сөздермен бірігіп те пысықтауыш болады:
    • барыс септіктегі кейбір сөздерден кейін шейін (дейін), бола, қарай, таман сияқты шылаулардың бірі тіркесіп пысықтауыш болады.
    • кейбір шығыс септіктегі сөздердің соңынан соң, кейін, ары, бері, қарай, бұрын сияқты шылаулардың бірі тіркесіп, пысықтауыш болады.
    • кейбір көмектес септіктегі сөздердің соңынан бірге, қабат, қатар сияқты шылаулардың бірі тіркесіп, пысықтауыш болады
    • кейбір сөздерге арқылы, арқасында, үшін, сайын шылаулары тіркесіп келіп, пысықтауыш жасайды.

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Пысықтауыш туралы ақпарат. Пысықтауыш деген не? Пысықтауыш нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 23, 2026

    Сөз тіркесі

  • Ақпан 12, 2026

    Мұсылмандар

  • Ақпан 24, 2026

    Егіндікөл ауданы

  • Ақпан 23, 2026

    Қырымтатар тілі

  • Ақпан 24, 2026

    Тәуелсіздік

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары