Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Түлкібас ауданы — Түркістан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 2,3 мың км². Аудан орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылы.

Түлкібас ауданы

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Түлкібас ауданы

Түлкібас ауданы — Түркістан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 2,3 мың км². Аудан орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылы.

Қазақстан ауданы
Түлкібас ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Түркістан облысы

Аудан орталығы

Тұрар Рысқұлов

Ауылдық округтер саны

13

Кенттік әкімдіктер саны

2

Ауыл саны

59

Әкімі

Асқар Сұлтанұлы Естібаев

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Рысқұлов ауылы, Рысқұлов көшесі, №201

Тарихы мен географиясы
Координаттары

42°23′10″ с. е. 70°30′15″ ш. б. / 42.38611° с. е. 70.50417° ш. б. / 42.38611; 70.50417 (G) (O) (Я)Координаттар: 42°23′10″ с. е. 70°30′15″ ш. б. / 42.38611° с. е. 70.50417° ш. б. / 42.38611; 70.50417 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Жер аумағы

2,3 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

106 342 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (82,23%), әзербайжандар (5,98%), өзбектер (5,38%), орыстар (4,72%), татарлар (0,29%), немістер (0,26%), түріктер (0,25%), қырғыздар (0,12%), басқа ұлт өкілдері (0,77%)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

13

Түлкібас ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Түлкібас ауданы

Мазмұны

Географиялық орны

Солтүстігінде Бәйдібек ауданымен, шығысында Жамбыл облысының Жуалы ауданымен, батысында Сайрам, оңтүстігінде Төле би аудандарымен шектеседі.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 48887 ▲61089 ▲74015 ▲80169 ▲85782 ▲86465 ▲95468 ▲104295

Тұрғындары 111 286 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (82,19%), өзбектер (5,08%), орыстар (4,99%), әзербайжандар (5,97%), татарлар (0,30%), немістер (0,28%), түріктер (0,23%), украиндар (0,17%), тағы басқа ұлт өкілдері (0,79%).

Әкімшілік бөлінісі

59 елді мекен 2 кенттік әкімдік пен 13 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Ақбиік ауылдық округі 3551 ▲3665 103,2 1838 ▲1948 106 1713 ▲1717 100,2
Арыс ауылдық округі 2910 ▼2795 96 1454 ▼1440 99 1456 ▼1355 93,1
Балықты ауылдық округі 8659 ▼8491 98,1 4361 ▼4309 98,8 4298 ▼4182 97,3
Жабағылы ауылдық округі 2436 ▲2467 101,3 1221 ▲1299 106,4 1215 ▼1168 96,1
Жаскешу ауылдық округі 5911 ▲6016 101,8 2979 ▲3105 104,2 2932 ▼2911 99,3
Келтемашат ауылдық округі 4133 ▼4068 98,4 2100 ▼2074 98,8 2033 ▼1994 98,1
Кемербастау ауылдық округі 4135 ▲4997 120,8 2101 ▲2586 123,1 2034 ▲2411 118,5
Майлыкент ауылдық округі 19812 ▲27096 136,8 9644 ▲13452 139,5 10168 ▲13644 134,2
Машат ауылдық округі 4303 ▼3911 90,9 2158 ▼2024 93,8 2145 ▼1887 88
Мичурин ауылдық округі 6604 ▲7142 108,1 3225 ▲3562 110,4 3379 ▲3580 105,9
Рысқұлов ауылдық округі 6517 ▲7004 107,5 3265 ▲3529 108,1 3252 ▲3475 106,9
Састөбе кенттік әкімдігі 7705 ▼7572 98,3 3724 ▲3729 100,1 3981 ▼3843 96,5
Тастұмсық ауылдық округі 3678 ▲3780 102,8 1799 ▲1932 107,4 1879 ▼1848 98,4
Түлкібас кенттік әкімдігі 11596 ▲11634 100,3 5744 ▲5908 102,9 5852 ▼5726 97,8
Шақпақ ауылдық округі 3518 ▲3657 104 1783 ▲1858 104,2 1735 ▲1799 103,7
ЖАЛПЫ САНЫ 95468 ▲104295 109,2 47396 ▲52755 111,3 48072 ▲51540 107,2

Тарихы

Aудан Сырдария округіне қарасты, Шымкент уезі, Майлыкент болысының аумағында, орталығы Түлкібас стансасы болып, 1928 жылы 17-ші қаңтарда құрылғандығын мұрағат құжаттары растайды.

1930 жылы 17-ші желтоқсандағы Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің қаулысына сәйкес, осы жылдың 23-ші шілдесінде Түлкібас ауданы, Жуалы ауданына қосылды. Бес жылдай Жамбыл облысының қарамағында болып, 1935 жылы 9-шы қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында қайта шаңырақ көтеріп, орталығы Ванновка ауылы болып бекітілді. 1963-1966 жылдары Сайрам ауданында болды. 1928 жылдан тәуелсіздік алған жылдарға дейін ауданды 19 азамат басқарған. Тәуелсіздік алғаннан бүгінгі күнге дейін ауданды 9 әкім басқарған.

1993 жылы 7-ші қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қазақтың қайсар ұлы Тұрар Рысқұловтың 100 жасқа толу құрметіне орай, аудан орталығы Ванновка ауылы Тұрар Рысқұлов ауылы болып өзгертілді. Қазіргі таңда аудан орталығы - Тұрар Рысқұлов болып аталады.

Аудан басшылары: Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлы - аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары - Жанесен Марат Сүгірәліұлы, Күзембаев Ерлан Бақытжанұлы, Жабағы Асхат Базарбайұлы. Аудан әкімінің аппаратының басшысы - Орманов Ербол Керімбекұлы. Аудан әкімдігінің мекенжайы: Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 201 үй. Индексі: 161300

Этимологиясы

Түлкібас атауының шығу төркіні мен тарихи сыры қазіргі уақытқа дейін толық ашылмаған, әрі жұртшылықтың оған байланысты пікірлері де алуан түрлі. Алайда, санаулы зерттеулерге сүйенетін болсақ, бұл отаршылдық топонимнің негізгі атауы Түркібасы (кейбір деректерде Түрікбасы) ауданы екені анық. Оңтүстік Қазақстан облысындағы бұл ауданның аталуына, оның шығу тарихына қатысты бірқатар тұжырымдар бар.

Сынаптай сырғыған уақытта дыбыстық өзгерістерге ұшыраған бұл мекен халық арасында Түлкібас деп аталып кеткен, оған қазақ тілінде «р» мен «л» дыбыстарының буындық ұқсастығына байланысты бір-бірінің орындарын жиі басуы себеп болды. Мысалы, «қаперімде» сөзі «қапелімде», «мұсылман» сөзі «мұсырман» сөзіне айналғандай «Түркібас» атауы да «Түлкібас» атауына ауысып, дыбыстардың өзара өзгеріске ұшырағанын байқалады.

“Түркі-басы” деген екі негізгі атауын көне заманның көлбеуінде Қазақстан аймағын VI-XIII ғасырда мекендеген түркі тайпаларына байланысты этнотопнимдер қатарына жатқызамыз. Ауданның осылай аталу уәжін Махмутхан-шейх бабаның “түрік халқының басына барып жатамын” деп айтқан сөздерімен де жиі байланыстырады. Атаудың тура мағынасына үңілетін болсақ, түлкі басының бейнесінің орнына ежелгі заманның түркі тайпалары көз алдыңа елестейді. Әдебиет әлемінің шексіз айдынында еңбек еткен жазушы, әрі Түлкібас ауданының тумасы Мархабат Байғұт та осы пікірді ұстанады. Жергілікті халықтың аузында болса, ауданда жайлаған түлкілер жайлы әңгімелер, аңыздар, не ертегілер де тарамаған. Тіпті, шығыстанушы В.В. Бартольд өзінің 1893 жыл­ы жарыққа шыққан “Орта Азия сапарының есебінде” Түркібас атауының жергілікті халық аузында Түлкібасыға айналуы жайлы тұжырымын ұсынады.

Ауданның Түркібасы болып аталуында қырғыз халқының дәстүрлі “Манас” эпосы да дәлел ретінде қарастырылады, себебі бұл дастанда қырғыз халқының түркі және қытай халықтарымен өзара әрекеттесуі баяндалады. Бұл дастанда Түркібасы атауы жайлы ақиқатты мына жолдардың өзі меңзеп тұрғандай сезіледі:

« Қазақ, қырғыз бірікті,

Қытайлардың соры екен.

Алты жүз мың қол болып,

Арада Қытай қамалып,

Бұрынғы аты Жылан су,

Түрікоғлы түмен барғаны.

Бас қосты бәрі түрік деп,

Жыланды аты жоғалып,

Түркібас атқы қалғаны.

Түркібас аты өшіпті,

Қазіргі ақыр заманда,

Түлкібас атқа көшіпті».

Осы жолдардың мұра ретінде бекер қалмағанын және осы сөздердің астарындағы мағынаны түсінген бойда, Түлкібас ауданының шынайы атауы Түркібасы деген тұжырыммен келіспеуге болмас.

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 қарашадағы № 782 қаулысына сәйкес, Түлкібас ауданының тарихи Түркібасы атауын қайтару жайлы жобасы қарастырылуда.

Табиғаты

Аудан байлығы - Ақсу-Жабағылы қорығы. Қоғамымыздың бір туар қайраткері Т.Рысқұловтың ұсынысымен жиырмасыншы жылдары Ақсу-Жабағылы қорығы жарияланды. Ақсу-Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген. Бұл қорық Талас Алатауының Солтүстік-Батыс бөлігінің және оған көршілес Өгем жотасын алып жатыр. Оның негізгі аймағы Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Төле би және Бәйдібек аудандары және Жамбыл облысы Жуалы ауданы жерінде орналасқан. Сонымен қатар, қорық құрамына екі палентологиялық бөлім кіреді. Бірі Қарабастауда жер көлемі 126 га., екіншісі - «Әулие», жер көлемі 100 га. Екеуі де Бәйдібек ауданында қорықтың негізгі аймағынан 120 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Қорықтың қазіргі жер көлемі 85754 га. Оның ішінде: Түлкібас ауданында-21255 га., Төле би ауданында-53597 га, Бәйдібек ауданында-231 га., Жамбыл облысы, Жуалы ауданында-10682 га. Қорықтың орталығы Түлкібас темір жол станциясының шығысында, 18-20 шақырымдай жердегі Жабағылы ауылында. Қорықтағы ең ірі өзен - Ақсудың ұзындығы 120 шақырым, ені 10 метрге жетеді, тереңдігі жарты метр. Ақсу-Жабағылы қорығында аң мен құстың 550 түрі, өсімдіктің 200-ден астам түрі бар. Олардың көпшілігі Қызыл кітапқа енгізілген. Аудан орталығы Тұрар Рысқұлов ауылында 21 мыңнан астам адам тұрады. Ауылды қақ жарып өтетін орталық көше бұрын Ленин атында еді, 1994 жылы Тұрар Рысқұлов есімі берілді. Аудан орталығында бүкіл Әлемге белгілі тарихшы-ғалым, қолбасшы - қайраткер Мұхаммед Хайдар Дулати мен түрік жұртына ортақ тұлға Тұрар Рысқұловқа ескерткіш орнатылған.

Көне тарих - бұрынғы ата-бабаларымыздың жолы. Өткен ғасырдан біздің дәуірімізге дейін сан қилы құпиясын қойнына алып, ежелгі дүниенің көне көз елшісіндей болған тарихи ескерткіштер біздің ауданымызда да жетерлік. Аудан аумағында бұрындары болған «Шарафкент», «Будухкент», «Томтодж», «Абардадж» деген үлкен қалалардың орны анықталған.

Әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Өнеркәсіп

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру мақсатында 2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ауданда 1 ірі, 4 орта, 23 кіші және 4 қосалқы барлығы 32 кәсіпорын жұмыс атқаруда. Оның ішінде белсенді жұмыс атқаратыны – 22, мезгілді жұмыс атқаратыны – 10.

Нәтижесінде 16624,4 млн теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 102,2 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығы

Ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 2018 жылдың 9 айының қорытындысымен 25767,9 млн теңгені құрады. Нақты көлем индексі 104,0 пайызды құрады. Ірі қара мал басы былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,9% (45816), қой 86,7% (112342), жылқы 119,8% (22967), түйе 114,3% (11), шошқа 48,8% (841) пайызды құрады.

Ет өндіру-104,7% (12490,9 тн), сүт-103,4% (41079,0 тн), жұмыртқа-100,6% (13,0 млн дана).

Бюджет

2018 жылдың 1 қараша аудан бюджетінің кіріс бөлігінің жоспары 12333,4 млн. теңге, орындалғаны 12488,0 млн. теңге немесе 101,3 пайыз. Жергілікті бюджеттің кіріс жоспары 2201,6 млн. теңге болса, нақты түскені 2356,2 млн. теңге немесе 107,0 пайызға барлық түрі орындалған.

Әлеуметтік сала

Аудан бойынша экономикалық белсенді халық саны 52,0 мың адамды құраса (Өткен жылдың тиісті кезеңінде 51,9 мың адам болған), Жұмыспен қамтылғандар 51,3 мың адам (Өткен жылдың тиісті кезеңінде 49,1 мың адам болған). Жұмыссыздық деңгейі 5,2% құрады.

Білім беру саласы

60 мектеп, 18 мемлекеттік және жекеменшік әріптестік шеңберіндегі 26 балабақшада жалпы 6560 бала тәрбиеленуде. Балаларды қамту көрсеткіші 91,0% құрады.

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Түлкібас ауданы туралы ақпарат. Түлкібас ауданы деген не? Түлкібас ауданы нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 23, 2026

    Этрус Тілі

  • Ақпан 18, 2026

    Өлі тілдер

  • Ақпан 10, 2026

    Өсімдіктер анатомиясы

  • Ақпан 22, 2026

    26 желтоқсан

  • Ақпан 12, 2026

    Жіктік жалғау

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары