Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Альгология · Өсімдіктер анатомиясы · Бриология · Геоботаника · Өсімдіктер географиясы · Дендрология · Диаспорология · Карпология · Лихенология · Микогеография ·

Өсімдіктер анатомиясы

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Өсімдіктер анатомиясы
Ботаника бөлімі

Өсімдіктер анатомиясы

Зерттеу нысандары

Өсімдіктер · Балдыр
Саңырауқұлақтар т.с.с.

Ботаника бөлімдері

Альгология · Өсімдіктер анатомиясы · Бриология · Геоботаника · Өсімдіктер географиясы · Дендрология · Диаспорология · Карпология · Лихенология · Микогеография · Микология · Өсімдіктер морфологиясы · Палеоботаника · Палинология · Өсімдіктер систематикасы · Өсімдіктер физиологиясы · Фитопатология · Флористика · Өсімдіктер экологиясы · Этноботаника · Өсімдіктер биотехнологиясы · Өсімдіктер биохимиясы · Өсімдіктер генетикасы…

Атақты ботаниктар

Теофраст
Жозеф Питтон де Турнефор
Карл Линней
Адольф Генрих Густав Энглер
Армен Леонович Тахтаджян

Тарих

Ботаника тарихы

к • т • ө

Өсімдіктер анатомиясы (грек. anatom – кесу, бөлу) — өсімдік органдары мен ұлпаларының ішкі құрылысы туралы ғылым; ботаника саласы.

Өсімдіктер органдары.

Ғылым тарихы

Өсімдіктер анатомиясының дамуы микроскоптың пайда болуымен тығыз байланысты. 17 ғасырда итальян биологы Марчелло Мальпиги (1628 – 1694) мен ағылшын ботанигі Неемия Грюдің (1641 – 1712) микроскоппен өсімдіктердің ішкі құрылымын зерттеуінің нәтижесінде өсімдіктер анатомиясының негізі қаланды.

19 ғасырда неміс биологы Теодор Шванн (1810 – 1882) микроскоп арқылы жануарлар мен өсімдіктер жасушасының құрылымын зерттеп, жасуша теориясын ашты. 20 ғ-дың басында өсімдік ұлпасы жасушалары мен органоидтарын зерттеу негізінде өсімдіктер анатомиясынан жасуша туралы ғылым – цитология бөлініп шықты.

Өсімдіктер анатомиясын зерттеуде жаңа әдістер – электрондық микроскоп, сол сияқты гистохимиялық зерттеулер, т.б. қолданылады. Анатомиялық зерттеулер көмегімен өсімдіктердің тегі, егістік дақылдарының түрлі сорттары, өсімдіктің сыртқы орта әсеріне төзімділігі анықталады.

Қазақстанда өсімдіктер анатомиясы жөніндегі зерттеулер 1930 – 1932 жылдары КСРО ға (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) Қазақстандық базасының Ботаника секторында (қазіргі ҚР Білім және ғылым министірлігінің ботаника және фитоинтродукция институты) басталды. Зерттеу жұмыстары, сондай-ақ Бас ботаник. бақта, ҚазҰУ-де (Қазақ Ұлттық Университеті), ҚазҰАУ-дың (Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті) арнаулы кафедралары мен ауыл шаруашылығы министірінің қармағындағы бірқатар ғылыми-зерттеу институттарында жүргізіледі. Алынған ғылыми мәліметтер биологияда, агрономияда, дендрохронологияда, фармацевтикада, тамақ және ағаш өңдеу, т.б. шаруашылықтарда пайдаланылады.

Ботаника бөліміндегі өсімдіктер анатомиясының орны

Өсімдіктер анатомиясы Өсімдіктер морфологиясы кең мағынада қарастырылған (морфология тар мағынада макроскопиялық (негізінен организмдік) деңгейде өсімдіктердің құрылымы мен қалыптасуын зерттеумен айналысады.

Өсімдік анатомиясы өсімдік физиологиясымен — ботаниканың өсімдік организмдерінде болатын тіршілік процестерінің заңдылықтарын зерттейтін бөлімімен тығыз байланысты>.

Өсімдік жасушалары құрылымын зерттеу уақыт өте келе ботаниканың тәуелсіз бөліміне айналды — өсімдік цитологиясы.

Бастапқыда өсімдіктер анатомиясы өсімдіктер морфологиясы — өсімдіктердің физикалық формалары мен сыртқы құрылымын сипаттаумен сәйкес келді, бірақ ХХ ғасырдың ортасынан бастап өсімдіктер анатомиясындағы зерттеулер ең алдымен ішкі, микроскопиялық құрылымды зерттеуге байланысты жеке сала ретінде қарастырылды.

Тағы қараңыз

  • Өсімдік зиянкестері
  • Өсімдік аурулары
  Бұл — ботаника бойынша мақаланың бастамасы.
Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.
  1. Raven, P. H., R. F. Evert, & S. E. Eichhorn. Biology of Plants, 7th ed., page 9. (New York: W. H. Freeman, 2005). ISBN 0-7167-1007-2.

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Өсімдіктер анатомиясы туралы ақпарат. Өсімдіктер анатомиясы деген не? Өсімдіктер анатомиясы нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 24, 2026

    Еуропалық комиссия

  • Ақпан 16, 2026

    Жаңа шерік

  • Ақпан 13, 2026

    Уақыт белдеуі

  • Ақпан 10, 2026

    Кембрий кезеңі

  • Ақпан 24, 2026

    Түрікменстан Мәжілісі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары