Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Түрікменстан Президенті, ресми атауы — Түрікменстан Президенті және Министрлер Кабинетінің төрағасы — Түрікменстанның мемлекет және үкімет басшысы, Қарулы Күште

Түрікменстан президенті

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Түрікменстан президенті

Түрікменстан Президенті, ресми атауы — Түрікменстан Президенті және Министрлер Кабинетінің төрағасы — Түрікменстанның мемлекет және үкімет басшысы, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып келеді.

Түрікменстан президенті
түрікм. Türkmenistanyň prezidenti

Президенттік туы

Лауазымды иеленуші
Сердар Бердімұхамедов
19 наурыз 2022 жылдан бері
Басқару түрі

Мемлекет басшысы
Үкімет басшысы

Ресми резиденциясы

Оғыз хан Президенттік сарайы, Ашхабад

Тағайындайды

тікелей сайлау арқылы

Өкілеттігінің мерзімі

7 жыл, жаңартылу мүмкін

Айлығы

жыл сайын 10 800 $

Лауазым пайда болды

2 қараша 1990
(Түрікмен КСР)
27 қазан 1991
(Түрікменстан)

Алғашқысы

Сапармұрат Ниязов

Сердар Бердімұхамедов — Түрікменстанның қазіргі президенті, 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіздік алғаннан бергі ел тарихындағы үшінші президент. Сердар 15 жыл бойы билік еткен әкесі Құрбанқұлы Бердімұхамедов 2022 жылы биліктен кеткеннен кейін оның орнына келді. 2022 жылғы сайлауда Бердімұхамедов басқа тоғыз үміктерге қарсы елдегі халықтың 72,97% дауысын алды. Түрікмен үкіметі 2016 жылы президенттік мерзімге шектеулерді алып тастаған және бұрынғы жасы 70-тен төмен емес деген талапты алып тастаған еді, сондай-ақ мерзімін бес жылдан жеті жылға дейін ұзартқан реформалар жүргізген.

Тәуелсіз Түрікменстанның тарихында болған үш президенттің барлығы да тоталитарлы диктаторлар болып сипатталады, олардың билігі жеке басына табыну мен авторитаризммен танымал.

Сайлануы

Түркіменстан президенттігіне үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • Түрікменстанда туған;
  • түрікмен тілін еркін меңгерген;
  • 40 жастан жас емес;
  • Түркіменстанда соңғы 15 жыл бойы тұрақты тұратын;
  • мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда және халық шаруашылығының салаларында жұмыс істеген (Конституцияның 51-бабы).

Президент жалпыға бірдей тікелей жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайланады. Президенттік мерзімдер саны шектелмейді.

Тізімі

№ Суреті Аты-жөні
(Өмір сүрген жылдары)
Қызметі Биліктегі уақыты
1   Сапармұрат Атаұлы Ниязов
(1940–2006)
27 қазан 1991 21 желтоқсан 2006 15 жыл,
55 күн
–   Құрбанқұлы Мәлікқұлыұлы Бердімұхамедов
(1957–)
21 желтоқсан 2006 14 ақпан 2007 55 күн
(м.о.)
15 жыл,
88 күн
2 14 ақпан 2007 19 наурыз 2022 15 жыл,
33 күн
3   Сердар Құрбанқұлыұлы Бердімұхамедов
(1981–)
19 наурыз 2022 жылдан бері қазір
қызметте

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Түрікменстан президенті туралы ақпарат. Түрікменстан президенті деген не? Түрікменстан президенті нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 16, 2026

    19 желтоқсан

  • Ақпан 19, 2026

    Эстон тілі

  • Ақпан 09, 2026

    Құрама Патшалық

  • Ақпан 13, 2026

    Гагауз тілі

  • Ақпан 25, 2026

    Шафиғи мазһабы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары