Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Аққоюнлылар, кейде Ақ қойлы, (әз. Āq Quyūnlū, آق‌ قویونلو), немесе Баяндурлар - Баяндур тайпасының басшылығымен 15 ғасырларда Тигр өзенінің жоғарғы сағасын, Теб

Аққоюнлылар

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Аққоюнлылар

Аққоюнлылар, кейде Ақ қойлы, (әз. Āq Quyūnlū, آق‌ قویونلو), немесе Баяндурлар - Баяндур тайпасының басшылығымен 15 ғасырларда Тигр өзенінің жоғарғы сағасын, Тебриз, Бақы маңайын мекендеген көшпелі түрік-оғыз тайпаларының басын қосып, Шығыс Анатолияны, Әзірбайжанды, Иранды, Арменияны және Иракты 1378-1508 жылдары басқарған түркі оғыз тайпаларынан тұратын тарихи мемлекет. Ақ-Қоюнлу Әзірбайжан ұлтының қалыптасуында маңызды рөл ойнады, және Әзірбайжан мемлекетінің құрылуында да ықпал етті.

Аққоюнлылар мемлекеті
Aq qoyunlular
آق‌ قویونلو

Монархия
1378 — 1508
Аққоюнлылар мемлекетінің туы

Аққоюнлылар конфедерациясының ағылшын тіліндегі саяси картасы, Ұзын Хасан қайтыс болған 1478 жыл
Астанасы
  • Диярбәкір (1453–1471)
  • Тебріз (1468 – 6 қаңтар, 1478)
Тіл(дер)і Әзірбайжан тілі
Басқару формасы Монархия
 - 1378–1435 Kara Yuluk Osman
 - 1501–1501 Murad ibn Ya'qub
Тарихы
 -  Орта ғасырлар

Мазмұны

Тарихы

Византия империясының шежіре деректері бойынша, Ақ-Қоюнлу Понтик (Pontic) тауларының оңтүстігіндегі Байбурт (Bayburt) өңірінде 1340 жылдардан бастап белгілі бола бастайды. Әулет негізін қалаушысы Қара Оспан қатарлы бірқатар әміршілері Византия ханшайымына үйленеді.

Ақ-Қоюнлу түркілері алғаш 1402 жылы территориясын кеңейте бастайды. Әмір Темір оларға қазіргі Түркиядағы Дияр Бәкірдің барлығын сыйға береді. Ұзын Хасан 1463 жылы Венециямен, Рум елімен, Венгриямен одақтасып, Осман империясына қарсы күресті. Ұзақ уақыт бойы Ақ Қоянлы өз аумақтарын кеңейте алмады, өйткені қарсылас Қара-Қоюнлу (Қара қойлы түркілер) оларды шектеумен болды. 1467 жылы Ұзын Хасан Қара-Қоюнлу түріктерінің әміршісі Жаһан шахты жеңген соң жағдай өзгереді.

Темір әулетінің лидері Әбу Саид Мырза (Abu Sa'id Mirza) жеңілген соң, Ұзын Хасан Бағдатты Парсы шығанағы маңындағы жерлермен бірге қолына алды. Ол Иранға кіріп, Хорасанға дейін ірге кеңейтті. Дегенмен, сол уақыттарда Осман империясы шығысқа кеңеюге ұмтылды, ал бұл Ақ-Қоюнлуларды орталық Анатолияда Қарамандармен (Karamanids) одақтасуға мәжбүр етті.

1464 жылы Ұзын Хасан Осман империясының күшті жауларының бірі Венециядан әскери көмек сұрайды. Венеция уәде бергеніне қарамастан бұл көмек жетіп келмеді. Нәтижеде Ұзын Хасан 1473 жылы Отлукбели шайқасында (the Battle of Otlukbeli) Османддардан жеңілді, тек бұл жеңіліс Ақ-Қоюнлуларды күйрете алмады.

Ұзын Хасан 1478 жылы қайтыс болғанда, оның орнына Халил Мырза (Khalil Mirza) келеді, бірақ ол шілде айындағы Қой шайқасында (the Battle of Khoy) кіші інісі Жақып қарамағындағы конфедерациядан жеңіледі.

1478 жылдан 1490 жылға дейін билік еткен Жақып Ақ-Қоюнлу әулетін біршама уақыт сақтай алды. Алайда, билігінің алғашқы төрт жылында таққа таласқан жеті үміткерді Жақып өлім жазасына кесті. Жақып қайтыс болған соң азаматтық соғыс қайта бұрық етіп, Ақ-Коюнлулар өз ішінен іріп, көршілеріне қауіп төндіруден қалды.

 
Ақ-Қоюнлу территориясындағы тарихи орын: Хасанкейф.

Сефевид ағымын ұстанатын ертедегі Сефевид әулеті Ақ-Қоюнлу билігіне қарсы бүлік шығарады. Сафавидтер мен Ақ-Қоюнлулар 1501 жылы Нахчиван (Nakhchivan) қаласында шайқасып, Сефевидтердің көсемі Исмайыл шах I Ақ-Қоюнлуларды шегінуге мәжбүр етеді.

Ақ-Қоюнлу көсемі Алуанд (Alwand) Сефевидтерден шегіну кезінде Мардиндегі (Mardin) Ақ-Қойұнлулардың автономиялы мемлекетін қиратады. Алуандтың бауыры, соңғы Ақ-Қоюнлу көсемі Мурад та Сефевидтерден жеңіледі. Мурад 1501 жылы Бағдадта аз уақыт елді ұстап тұрса да, көп ұзамай Дияр Бәкірге қайта оралады, бұл Ақ-Қоюнлу билігінің аяқтағанын көрсетті.

Билігі

Ақ Қойұнлу әміршілері оғыз түріктерінің Бегундур немесе Баяндур руынан шыққан болып, олар оғыздардың негізін қалаушы мифтік атасы Оғыз қағанның ұрпақтары болып саналды. Баяндурлар әскери батырдан гөрі мемлекет басқарушы ретінде көбірек танылды, әрі Транскавказдағы (қазіргі Армения, Әзірбайжан және Грузия) саудагерлер мен феодал таптардың қолдауына ие болды.

Иран жаулап алынған соң Ақ-Қоюнлу билігінің шығысқа кеңеюінде Иран центр болып қоймай, Ақ-Қоюнлулардың басқару әдісі мен мәдениетінде Иранның ықпалы көрнекі болды. Иран провинцияларында Ұзын Хасан бұрыннан қалыптасқан әкімшілік жүйені және оның басшыларын өзгертпей сақтап қалды, сөйтіп Иранның кейбір әулеттері Ақ-Қоюнлу билігі үшін бірнеше ұрпақ бойы қызмет еткен. Ұзын Хасанның заманында төрт жоғарғы азаматтық лауазымды түгелдей ирандықтар ұстады: ұлы кеңесті (диван, divan) басқаратын уәзірлік (vizier); қаржыны басқаратын мостауфи әл-мамалек (the mostawfi al-mamalek); мемлекеттік мөр басылған моһрдар (the mohrdar); және патшалық сотты басқаратын маракур (marakur).

Османлы хаттарында Ақ-Қоюнлу патшаларының атағы араб.: ملك الملوك الأيرانية‎ "Иран патшаларының патшасы", араб.: سلطان السلاطين الإيرانية‎ "Иран сұлтандарының сұлтаны", парсы: شاهنشاه ایران خدیو عجم‎ Шаханшаһ-е Иран Хадив-е Аджам, яғни "Иранның Шаханшахы және Персияның әміршісі", Джамшид шавкат ва Ферейдун раят ва Дара дераят "Жамшидтей шапағатты, әрі Ферейдун байрағындай, әрі I Дарийдай дана" деген секілді сипатталады. Ұзын Хасан сонымен бірге "Иран падишахы" (Padishah-i Irān) атағын иеленді, бұл атақты кейін Сефевид дәуірінде Сефевид империясының негізін салушы немересі Исмаил I өзіне қайта қабылдайды.

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Аққоюнлылар туралы ақпарат. Аққоюнлылар деген не? Аққоюнлылар нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 12, 2026

    Халық тығыздығы

  • Ақпан 24, 2026

    21 желтоқсан

  • Ақпан 16, 2026

    25 желтоқсан

  • Ақпан 24, 2026

    Юра кезеңі

  • Ақпан 24, 2026

    Сөз тіркесі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары