Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Жумоң - кәріс мифологиясында Когурё мемлекетінің негізін қалаушы, Ко әулетінің арғы бабасы. Жумоң туралы аңыздар негізінен, Пуё мемлекетінің негізін қалаушы Тон

Тоңмёңсоң уаң

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Тоңмёңсоң уаң

Жумоң - кәріс мифологиясында Когурё мемлекетінің негізін қалаушы, Ко әулетінің арғы бабасы. Жумоң туралы аңыздар негізінен, Пуё мемлекетінің негізін қалаушы Тонмён туралы аңызбен үндес. Ертедегі жазбаларда (Квангэтхо-ван стелласы, V ғ., Вэй шу, VI ғ.) Чумон туралы аңыз Тоңмион аңызынан жеке айтылған. Бірақ XII — XIII ғғ. дереккөздерде екі аңыз бірігіп, Тонмён-Жумоң туралы аңыз Хэбуру және Гымуа, Хэмосу және Люхва аңыздарының жалғасы болды. Тоңмион аты Жумоңның өлгеннен кейінгі храмдық аты болды. Ли Гюбоның "Тоңмион ван" поэмасындағы айтылатын аңыз бойынша, Хабектің қызы Люхва Аспан билеушісінің ұлының заңсыз әйелі болған. Оған күн сәулесі түскен соң, оң қолтығынан жұмыртқа дүниеге келген. Оны атқораға тастаса да, аттар оған тиіспейді. Жұмыртқаны адам аяғы баспаған тауға апарып тастайды. Дегенмен, аңдар жұмыртқаны қорғап, күзетеді. Үнемі ол өзінен жарық сәуле шашып тұрады. Жұмыртқаны анасына қайта әкеліп береді де, жұмыртқадан ерекше бала пайда болады. Ол бала кезінен садақ атудан алдына жан салмайды, сондықтан оған Жумоң (Буио тілінде — «керемет мерген») деген ат беріледi. Пуё билеушісі Гымуаның ұлдары, Жумоңның ағалары, қызғаныштан Жумоңды ағашқа байлап, олжасын тартып алады. Ағашты тамырымен қопарып Жумоң үйіне қайтып оралады. Жумоң Чолбончхон («Вэйшу»: Хылсынголсон) жеріне келіп, астананың негізін қалады. «Капсин» жылында, яғни б.з.д 37 жылы Жумоң 22 жасында таққа отырды. Мемлекетті Когурё деп атады. Хэ тегін ауыстырып, Ко («биік») тегін алды. Жумоңға көрші билеуші Сониян бағынды. Жумоң билігінің 19 жылында аспанға көтеріліп, кері қайтпады. Оның қалдығын Айдаһар (Ёнсан) тауынан тапты. Аспан қалауымен Жумоңның үлкен ұлы — Юри таққа отырды. 6 ғасырда Пхеньянда Жумоң құрметіне тұрғызылған ғибадатхана — Кодынсина. Корё билеушілері (10-14 ғғ.) оған ата-баба рухы ретінде табынған.

Тоңмиоңсоң
Тоңмеоңсоң ван
Лауазымы
Когурёның 1-ваны
б.з.б 33 — б.з.б 18
Ізашары мемлекет негізін қалады
Ізбасары Юримен ван
Өмірбаяны
Дүниеге келуі б.з.б 59
Корея түбегі
Қайтыс болуы б.з.б 18
Династия Ко
Туған кездегі есімі Жумоң
Әкесі Хемосу
Анасы Юхуа
Жұбайы Ие Со Я
Со Со Но
Балалары Юри
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

Жумоң кино саласында

2006 жылы Оңтүстік Корея режиссёрлері "Ханзада Жумоң" сериалын түсірді. Сериалда Жумоң рөлін актёр Сон Ил Гук сомдады. Сериал Қазақстанда үлкен танымалдыққа ие болды. Қазақстандық "Жұлдыздар отбасы" журналының нұсқасы бойынша "Жыл сериалы" атағына ие болды.

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Тоңмёңсоң уаң туралы ақпарат. Тоңмёңсоң уаң деген не? Тоңмёңсоң уаң нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 24, 2026

    Қазан төңкерісі

  • Ақпан 12, 2026

    3 қыркүйек

  • Ақпан 10, 2026

    Өсімдіктер анатомиясы

  • Ақпан 11, 2026

    3 желтоқсан

  • Ақпан 24, 2026

    Пысықтауыш

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары