Azərbaycanca (AZ) Azərbaycanca (AZ)English (US) English (US)Қазақша (KZ) Қазақша (KZ)Türkçe (TR) Türkçe (TR)O'zbekcha (UZ) O'zbekcha (UZ)
Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қарқаралы ауданы — Қарағанды облысының солтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. 1930 жылы құрылған. Аудан аумағы 35,5 мың шаршы километрге тең. Орталығы – Қарқара

Қарқаралы ауданы

  • Басты бет
  • Уикипедия
  • Қарқаралы ауданы

Қарқаралы ауданы — Қарағанды облысының солтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. 1930 жылы құрылған. Аудан аумағы 35,5 мың шаршы километрге тең. Орталығы – Қарқаралы каласы.

Қазақстан ауданы
Қарқаралы ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Қарағанды облысы

Аудан орталығы

Қарқаралы

Ауылдық округтер саны

23

Кенттік әкімдіктер саны

1

Қалалық әкімдіктер саны

1

Ауыл саны

60

Қала саны

1

Әкімі

Әділжан Арғынов

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Қарқаралы қаласы, Әубәкіров көшесі, №23

Тарихы мен географиясы
Координаттары

49°28′12″ с. е. 75°30′36″ ш. б. / 49.47000° с. е. 75.51000° ш. б. / 49.47000; 75.51000 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°28′12″ с. е. 75°30′36″ ш. б. / 49.47000° с. е. 75.51000° ш. б. / 49.47000; 75.51000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1930

Жер аумағы

35,5 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

30 851 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (96,2%), орыстар (3%), татарлар (0,29%), немістер (0,19%), украиндар (0,11%), басқа ұлт өкілдері (0,21%)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

100800

Автомобиль коды

09

Қарқаралы ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Қарқаралы ауданы

Мазмұны

Географиялық орны

Солтүстігінде Павлодар облысының Баянауыл, Май аудандарымен, батысында Бұқар жырау, Шет, оңтүстігінде Ақтоғай аудандарымен, шығысында Абай облысының Жаңасемей және Аягөз аудандарымен шектеседі.

Тарихы

Қарқаралы ауданы Қу ауданы мен Қарқаралы қаласына қарасты аумақтан 1931 жылы құрылды.

1934 жылы Қарқаралы округі құрылып, соның құрамына енді.

1935 жылы Баянауыл ауданынан Жаңақала, Корнеев, Үлгі ауылдық кеңестері берілді.

1936 жылы Қарқаралы округі таратылып, Қарағанды облысының құрамына енді.

1938 жылы Ворошилов ауданына Ворошилов, Дмитриев, Жаңақала, Үлгі ауылдық кеңестері берілді. Ораз ауылдық кеңесі Ленин ауылдық кеңесі болып өзгертілді.

1940 жылы Қоңырат ауданына Қызыларай ауылдық кеңесі берілді.

1954 жылы Кент ауылдық кеңесі Ленин ауылдық кеңесіне қосылды. Бидайық, Жарлы, Көктөбе ауылдық кеңестері таратылды. Қарағайлы кеніші маңындағы елді мекенге жұмысшы кенті мәртебесі берілді.

1955 жылы таратылған Семей облысы Абыралы ауданының Көкшетау ауылдық кеңесі берілді. Бесоба, Құлболды ауылдық кеңестері Тегісшілдік ауылдық кеңесіне, Еңбек, Комсомол ауылдық кеңестері Еңбек ауылдық кеңесіне, Милыбұлақ, Серік ауылдық кеңестері Қайнарбұлақ ауылдық кеңесіне біріктірілді. Темірші ауылдық кеңесі таратылып, Қырғыз ауылдық кеңесі құрылды.

1956 жылы Көкшетау ауылдық кеңесі Ленин ауылдық кеңесіне қосылды.

1961 жылы Бадыран, Қырғыз ауылдық кеңестері Қырғыз ауылдық кеңесіне, Ленин, Тельман ауылдық кеңестері Фрунзе ауылдық кеңесіне біріктірілді.

1962 жылы Бақты ауылдық кеңесі құрылды. Сарытау ауылдық кеңесі Ақжол ауылдық кеңесі болып өзгертілді.

1963 жылы Қарқаралы және Қу аудандары біріктіріліп, Қарқаралы ауылдық ауданы құрылды.

1964 жылы Қарқаралы ауданынан Егіндібұлақ ауданы қайта бөлініп шықты.

1967 жылы Бесоба, Ынталы, Томар ауылдық кеңестері құрылды.

1977 жылы Угар ауылдық кеңесі құрылды. Сол жылы жаңадан құрылған Талды ауданына ауданнан 6 ауылдық кеңес және Қарағайлы кенті берілді.

1982 жылы Жаңатоған ауылдық кеңесі құрылды.

1988 жылы таратылған Талды ауданының жері қосылды.

1990 жылы Ақтайлақ ауылдық кеңесі Темірші, Фрунзе ауылдық кеңесі Аманжолов ауылдық кеңесі болып өзгертілді.

1997 жылы Қарқаралы ауданына таратылған Қазыбек би ауданының аумағы қосылды.

2004 жылы Еңбек ауылдық округі Н. Әбдіров ауылдық округі болып өзгертілді.

2006 жылы Ақжол ауылдық округі М. Мамраев, Арқалық ауылдық округі Тәттімбет, Сарытау ауылдық округі Н. Нұрмақов, Комсомол ауылдық округі Балқантау, Балықтыкөл ауылдық округі Қоянды, Айрық ауылдық округі Мәди ауылдық округі болып өзгертілді.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 15379 ▲24743 ▲38163 ▼25955 ▲50874 ▲52762 ▼42722 ▼31495

Тұрғындары 36 025 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (96,06%), орыстар (2,98%), татарлар (0,32%), немістер (0,24%), украиндар (0,11%), беларустар (0,05%), басқа ұлт өкілдері (0,24%).

Әкімшілік бөлінісі

61 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік әкімдік пен 23 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Абай ауылдық округі 729 ▼384 52,7 375 ▼221 58,9 354 ▼163 46
Аманжолов ауылдық округі 2012 ▼1540 76,5 1041 ▼804 77,2 971 ▼736 75,8
Бақты ауылдық округі 1419 ▼921 64,9 701 ▼478 68,2 718 ▼443 61,7
Балқантау ауылдық округі 1050 ▼666 63,4 544 ▼360 66,2 506 ▼306 60,5
Бесоба ауылдық округі 1558 ▼971 62,3 809 ▼502 62,1 749 ▼469 62,6
Егіндібұлақ ауылдық округі 3399 ▼2128 62,6 1632 ▼1082 66,3 1767 ▼1046 59,2
Жаңатоған ауылдық округі 818 ▼545 66,6 405 ▼288 71,1 413 ▼257 62,2
Қайнарбұлақ ауылдық округі 1559 ▼986 63,2 814 ▼538 66,1 745 ▼448 60,1
Қарағайлы кенттік әкімдігі 5100 ▼3546 69,5 2506 ▼1794 71,6 2594 ▼1752 67,5
Қаракөл ауылдық округі 515 ▼153 29,7 263 ▼88 33,5 252 ▼65 25,8
Қарқаралы қалалық әкімдігі 9212 ▲9252 100,4 4491 ▲4501 100,2 4721 ▲4751 100,6
Қаршығалы ауылдық округі 1748 ▼1391 79,6 879 ▼736 83,7 869 ▼655 75,4
Қоянды ауылдық округі 516 ▼380 73,6 293 ▼202 68,9 223 ▼178 79,8
Қырғыз ауылдық округі 1994 ▼1590 79,7 995 ▼856 86 999 ▼734 73,5
Мартбек Мамраев ауылдық округі 1043 ▼702 67,3 524 ▼369 70,4 519 ▼333 64,2
Мәди ауылдық округі 676 ▼279 41,3 356 ▼152 42,7 320 ▼127 39,7
Нұркен Әбдіров ауылдық округі 1662 ▼1141 68,7 841 ▼589 70 821 ▼552 67,2
Нығмет Нұрмақов ауылдық округі 675 ▼302 44,7 353 ▼163 46,2 322 ▼139 43,2
Тәттімбет ауылдық округі 741 ▼414 55,9 367 ▼218 59,4 374 ▼196 52,4
Тегісшілдік ауылдық округі 1588 ▼961 60,5 813 ▼523 64,3 775 ▼438 56,5
Темірші ауылдық округі 1329 ▼852 64,1 716 ▼445 62,2 613 ▼407 66,4
Томар ауылдық округі 955 ▼553 57,9 480 ▼290 60,4 475 ▼263 55,4
Угар ауылдық округі 518 ▼385 74,3 263 ▼191 72,6 255 ▼194 76,1
Шарықты ауылдық округі 1105 ▼889 80,5 577 ▼472 81,8 528 ▼417 79
Ынталы ауылдық округі 801 ▼564 70,4 412 ▼298 72,3 389 ▼266 68,4
ЖАЛПЫ САНЫ 42722 ▼31495 73,7 21450 ▼16160 75,3 21272 ▼15335 72,1

Шаруашылығы

 
Қарқаралы ауданы елді-мекендері

2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімнің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы құрады. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 1187,0 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлер пайдаланылады, оның ішінде 152,5 мың га егістік алқаптар. 2006 жылғы астыққа 81,4 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде 56,8 мың га дәнді дақылдар, картоп – 0,1 мың га. 2006 жылы 38,5 мың тонна дәндер, 1,6 мың тонна картоп, 0,2 мың тонна көкөніс дақылдары, 11,9 мың тонна ет (тірі салмақта); 26,1 мың тонна сүт, 5565,6 мың дана жұмыртқа өндірілді.2007 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саны 61,2 мың бас; қой мен ешкі – 193,2 мың бас; шошқа – 0,2 мың бас; жылқы – 20,3 мың бас; құс – 48,1 мың басты құрады. Өндірілетін өнеркәсіптік өнімнің негізгі түрлері: нан және нан өнімдерін, ұн, өсімдік майы, темір кендерін шығару. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 2075,4 млн. теңгені құрады.

Әлеуметтік құрылымдары

  • 55 күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді, онда 8595 оқушы;
  • 1 колледжде 322 оқушы және 1 кәсіби-техникалық оқу орнында - 140 оқушы оқиды;
  • 47 кітапхана;
  • 7 клуб типті мекеме;
  • 3 мұражай;
  • 2 кино көрсету қызметін жүзеге асыратын ұйым;
  • 1 ұлттық парк іс-әрекет етеді.

2006 жылғы ауданның ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 3294 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы - 22474 теңге. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 1524,2 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемге 71,3%-ды құрады.

Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 74,3 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлеміне 85,5%. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 466,1 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 146,9 млн. теңге.

Басшылары

Аудандық партия комитетін басқарған

  1. Атаниязов Мырзағұл (өзге дерек жоқ) 1929-1932
  2. Қалымбетов (өзге дерек жоқ) 1932
  3. Махатов Əбдірахман (өзге дерек жоқ) 1932-1934
  4. Нұрсейітов Нұрғали (өзге дерек жоқ) 1933-1936 Округтік партия комитетін басқарған
  5. Тұрдалиев Ж. (өзге дерек жоқ) 1934-1938
  6. Қайырбек Дəуренбеков 1937-1938
  7. Оразғали Мамежанов 1938
  8. Қабдолла Ахтанов 1938-1939
  9. Қапыш Сапаев 1939-1941
  10. Шахан Дулатов 1941-1943
  11. Ібіжан Рахымжанов 1943-1948
  12. Əбдірахман Жəнібеков 1948-1953
  13. Əубəкір Жүсіпов 1953-1954
  14. Ергебеков Елемес 1954-1959
  15. Тұрсын Тореғожин 1959-1962
  16. Тишбек Аханов 1962-1963
  17. Мұқан Медеубаев 1963-1964
  18. Михаил Шаекин 1965-1973
  19. Зайкен Іңкəрбаев 1973-1977
  20. Бекшин Махмет Сəкенұлы 1977-1985
  21. Жақыпов Қажнаби 1985-1990
  22. Шахарбаев Төлеутай 1990-1992

Аудан əкімі

  1. Шахарбаев Төлеутай 1990 ақпан-1993
  2. Мажитов Темірболат 1993-1997
  3. Нұрақышев Мұрат 1997-2000
  4. Омарханов Нихан 2000-2010 Аргын Қаракесек Бұлбұл
  5. Аймақов Сержан 2010-2011
  6. Мақсұтов Халел 2011-12.2019
  7. Дүйсетаев Елдар Серікұлы 2019 жылдан

уикипедия, вики, энциклопедия, кітап, мақала, оқу, тегін жүктеу, Қарқаралы ауданы туралы ақпарат. Қарқаралы ауданы деген не? Қарқаралы ауданы нені білдіреді?

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Ақпан 26, 2026

    Көксу ауданы

  • Ақпан 14, 2026

    8 қыркүйек

  • Ақпан 12, 2026

    Халық тығыздығы

  • Ақпан 26, 2026

    Үй құстары

  • Ақпан 10, 2026

    Болгар тілі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.azur.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары